jasqazaq.kz

Шекара бойындағы 104 шақырым аумақта шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілді

20 маусым 2024, 21:33

Қазақстан мен Ресей шекарасында Айдарбек Сапаров РФ Орынбор облысының ауыл шаруашылығы вице-министрімен шегірткелерге қарсы күрес мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Бұған дейін 18 маусымда Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Орынбор облысының Светлин ауданы тарапынан шегіртке тұқымдастарының ауысуы байқалған болатын. Шегірткенің ұшуын тіркеу нәтижесінде еліміщдің ауыл шаруашылығы министрі химиялық өңдеу орындарына барып, Қостанай және Ақтөбе облыстарының Ресей Федерациясы Орынбор облысымен шекаралас аумағына инспекция жүргізді.


Әйтеке би ауданында химиялық өңдеуге жоспарланған 307 мың гектардың 71 мың гектары өңделді. Арнайы бүріккіш техниканың 33 бірлігі пайдаланылуда, 6 шағын ұшақ тартылды. Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан ұзындығы 104 км Ресей-Қазақстан шекарасы бойында химиялық жұмыстар жүргізілді.
Жалпы облыс бойынша 76 бірлік техника, соның ішінде 11 ұшақ жұмыс істейді, жұмыстар 784 мың га алқапта жоспарланған, өңдеу жұмыстары 482 мың га немесе 61% алқапта аяқталған.


Орынбор облысының ауыл шаруашылығы вице-министрі Жанар Құрманбаев Орынбор облысында Ресей-Қазақстан шекарасы бойымен 22 мың га — 10 км жер өңделгенін атап өтті. 12 техника жұмыс істеді, 20 маусымнан бастап тағы 12 техника тартылды.
«Ресейлік тараптың өңдеуді күшейтіп, қосымша техника тартуы маңызды. Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лутқа авиацияны тартуды, сондай-ақ бейтарап аумақта өңдеулер жүргізуді сұрап жүгіндім «, — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Кездесу қорытындысы бойынша шегіртке зиянкестерінің шекаралас мемлекеттерге көшуіне жол бермеу бойынша келісімдер туралы хаттамаға қол қойылды.Қазақстанда 20 маусымда 1,6 млн га, Қостанай облысын қоса алғанда 270 мың га және Ақтөбе облысында 482 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізілді. Шекара маңындағы 8 аймақта да қорғау шаралары жалғасуда. Аумақтарда мониторингтiк тексеру жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: АШМ баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?