Путин мен Мирзиеев Өзбекстанда келіссөз жүргізді. Олар қандай келісімге келді?

28 мамыр, 15:03

Ресей Президенті Владимир Путин Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Қос мемлекеттің басшылары жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, жан-жақты стратегиялық серіктестік пен өзбек-ресей қатынастарын одан әрі өркендету мәселелерін талқылады.

Өзбекстан президентінің «Көксарой» резиденциясында Шавкат Мирзиеев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин БАҚ өкілдеріне арнап мәлімдеме жасады.

Брифингте Шавкат Мирзиеев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірі Өзбекстаннан басталғаны өзбек халқына деген ерекше құрметі және екі ел арасындағы жоғары серіктестік пен өзбек-орыс қарым-қатынасын тереңдетудің көрінісі деп бағалады.

Шавкат Мирзиёев: «Ресей Президентінің мемлекеттік іссапары — біздің көп жоспарлы серіктестігіміздің жаңа бағытын анықтайтын тарихи оқиға», – деп бұл саммитке дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгенін атап көрсетті.
В.Путиннің Өзбекстанға мемлекеттік сапарында бірқатар келісімге қол қойылды. Әсіресе, осы елде аз қуатты атом электростанциясының құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы келіскені атап өтуге тұрарлық.

Бұл туралы Өзбекстан Президенті: «Барлық көшбасшы елдер өздерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын атом энергиясы есебінен қамтамасыз етеді. Қомақты уран қорына иелік етіп және оны үшінші елдерге экспорттайтындықтан, Өзбекстанның дамуының жаңа кезеңі туралы ойласақ, онда бұл жоба біз үшін өте маңызды», – деді.

В.Путиннің Өзбекстанға мемлекеттік сапарында 20-дан астам келісім, протоколдар мен меморандумға қол қойылды.

Сапар барысында мынадай мәселелер талқыланды:

 * Есеп айырысуда ұлттық валютаға көшу. В.Путиннің айтуынша, өткен жыл елдер арасындағы коммерциялық келісімде рубльдің үлесі 58 пайызға жетті.

* «Мир» картасымен есеп айырысуда балама табу.

* БҰҰ, ТМД және ШЫҰ және басқа да ұйымдар шеңберінде өзара тығыз іс-қимыл орнату.

* Ресейдің «Газпром» және «Лукойл» компанияларының Өзбекстанда жаңа кен орындарын игеру.

Тараптар мына мәселелер жөнінде келісімге келді:

 *  Екі ел арасында сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізу.

* Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту.

* Өзбекстанға Ресейден теміржол техникасын жеткізу.

* Өзбекстан азаматтарына Ресей Федерациясында қолайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз ету.

* Еңбек миграциясы саласын бірлесіп тәртіпке келтіру.

* Өзбекстандағы көлдерде екі жаңа электр станциясын салу.

* Ресейде Өзбекстанның сауда өкілдігін ашу.

Кездесу нәтижесінде төмендегі құжаттарға қол қойылды:  

 * Өзбекстан аумағында АЭС құрылысындағы ынтымақтастық.

* Көлік машинақұрау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

* Өзбекстанда Бауман атындағы ММТУ бөлімшесін ашу туралы келісім.

* Денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекті реттеу мәселелері бойынша Протоколдар.

* Өзбекстанның энергетика министрлігі мен «Газпромнефть» арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған Жол картасы.

JQ-Aqparat

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде