jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Шауып жүргенде желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар болады

14 тамыз 2024, 13:45

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан жасырын түрде өзін суретке түсіріп, дөрекілік танытатын жанкүйерлері туралы сөз қозғады.

Өнер иесі бұл жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Әнші қарбалас кезде жанкүйерлерімен суретке түсуден бас тартатын кездері болатынын жасырмады.

«Аллаға шүкір, еңбектің жемісі ғой. Қайда барсақ та танып, қасымызға келіп жағдай сұрап, сәлемдесіп, фотоға түсіп тілектерін жаудырып жатады. Үлкендер ақ баталарын аямайды. Кез келген жерде сыйлап құрметтейтін халықты көріп қуанамыз. Рақмет!
Бірақ, кейде артық сөйлеп, дөрекіленіп суретке, видеоға түскісі келетін адамдар да бар. Болмаса тамақтанып, демалып немесе өз шаруаңмен асығыс, уақытың болмай шауып жүргенде төбеңнен, желкеңнен жасырын түсіріп тұратындар да болады.
Көбінесе бәрін сыйлап, ешкімнің бетін қайтармауға тырысамын. Ал кейде «жоқ» деп отказ берсем дым ренжімеңіздер. Менің де ондайдан жүйкем ауыратын кездер болады», — деп жазды әнші.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?