Грузия азаматшасы Түркиядан 27 жастағы ресейлік әйелді заңсыз түрде шамаданына жасырып алып кетпекші болған.
Әйел осындай жолмен түрік сотынан жасырынып қалмақшы болыпты. Оқиға “Сарпи” түрік-грузин шекарасындағы өткізу бекетінде орын алған. Кеденшілер 46 жастағы ер адамның аса ауыр әрі үлкен шамаданды көтеріп алғанын байқайды.
Тексеру кезінде шамадан ішінде 27 жастағы Ангелина Самусенконың бар екенін анықталады. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
https://www.youtube.com/watch?v=gm2ZsA2TMCA&feature=youtu.be