ШаҺизадаға алданғандар бар. Қаржы пирамидасына ақша құйған әншілер сан соғып қалған

13 желтоқсан 2023, 14:41

Alayaq.net жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбек алаяқтарға сеніп, қаржы пирамидасына ақша құйған эстрада жұлдыздары туралы Сұрауы бар” подкастында айтып берді.
Заңгерге әншілердің өзі көмек сұрап, хабарласқан.
2009 жылы L-Capital деген компания ашылады. Адам тарту үшін эстрада жұлдыздарын пайдаланған. Өнер адамдары да алданады екен. Жұлдыздар да жылайды деген сөз бекер емес екен. «Қай жерге барсаң, Қайрат Нұртастың, оның анасының аты жүреді» деп жатады. Компанияның түрлі пакеттері болған. Әр пакетті алған сайын, қаражат құйып отырасың. Бағдат Сәмединова 70 мың доллар ақшасын салып жіберген. «Қатерлі ісікке шалдыққанда 15 мың доллар ақшамды әрең алдым» деді. Атын атамай жүргендер қаншама, — дейді Нұрсұлтан Орынбек.
Әнші Шахизадаға сенген әріптестері бар ақшасын салып, опық жеп қалған.
Ақбота Керімбекова мен Алма Аманжолова да ақшасын қайтара алмай жүр. Шахизадаға сендік деп сан соғып қалған біраз әнші бар. “Әпкеміз осы компанияның кеңесші, бетке ұстары боламын” деп сендіргесін қолымыздағы ақшаны салып көрдік” деп хат жазатындар көп. Әншілердің соңғы ақшасы болмаса да артық ақшаларынан айырылып қалып жатқандар бар, – дейді заңгер.
Компанияның схемасы бойынша, Жаңатас қаласында тұз зауыты бар, жұмыртқа шығаратын зауытқа инвестор болсаңыз, 39 ай ішінде ақшаңызды шығарып аласыз деп сендірген. Алғашында кішкентай сумма 15 мың теңгеден басталып, миллион доллар салып жіберген де адамдар бар. “Табысты инвестор” деген атақ алып кеткен тұтынушылар да бар. Алтынбек Қоразбаевтың да ақшасының жарты бөлігін қайтарып үлгергені белгілі болды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу