jasqazaq.kz

ШҚО тұрғынының мәйітті үйінің маңында көміп тастамақ болған сәті видеоға түсіп қалды

06 шiлде 2017, 10:18

Жақында Риддерде жантүршігерлік жағдай болды. Тұрғындар таңғы сағат 4-ке қарай қорқынышты оқиғаның куәгерлері болған.

Содан олар полиция шақырып, барлығын видеоға түсіре бастаған. Видеодағы кадрлардан ер адамның мәйітті тұрғын үй жаққа қарай сүйреп бара жатқаны көрінеді. Видео авторлары ер адамның ол мәйітті бақшасында көміп тастамақшы болған деп болжап отыр. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. «29 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа 45 жастағы ер адамды шақырғаны белгілі болды. Олар ішімдік ішіп, отырыс соңы төбелеспен аяқталған. Нәтижесінде қонаққа келген ер адам оқиға орнында көз жұмған. Ал үйдің иесі мәйіттен осылай құтылмақ болған көрінеді», — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс басталды.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда