jasqazaq.kz

ШҚО тұрғыны ЭКСПО-ға арнап алып асық жасады

12 маусым 2017, 11:43

ЭКСПО көрмесіне арналып 50 мың асықтан қаланған «алып» асықтың ұзындығы — 4 метр, ал биіктігі – 3 метр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Болат Тағабай — әлемдегі ең көп асық жинаған әрі ұлттық ойынды насихаттаушы ретінде әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақ. ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры.

Автор алып асықты құрастыруға алты ай уақыт жұмсаған. Алдымен елу мың асықты жуып кептіруге екі ай, одан сым темірмен конструктор мүсінін тоқуға тағы екі ай кетті. Автор алып асығын алдағы күндері жұмыс сапарымен Өскеменге барғалы отырған Елбасыға сыйға тартуды көздеп отыр.

— Өзімнің және отбасымның атымнан Елбасыға сыйға тартамын деп шештім. Алып асықты салтанатты түрде табыстаған соң Астанаға жеткізіледі. Әзірге оның нақты қай жерге орнатылаты белгісіз. Тек жабық ғимараттың ішіне қойылса игі. Сондай-ақ асықтың жанында суретке түсетін алаң мен асық ойнайтын шағын болса да алаңқай болса деген тілегім бар-, — дейді Б.Тағабай.

Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристерге қазақтың ұлттық құндылықтарын паш ететін осындай дүниелер көп болу керек.

— Алдағы үш айда дүйім жұрттың назары Астанаға ауады. Бұл қазақты әлемге танытудың бір жолы. Имидждік дүние деп атауға да болады. Алып асығым ЭКСПО-ға келген қонақтардың көзайымына айналады деп сенемін, — деді алып асықтыңавторы.

Айта кетейік, Б.Тағабайдың асық жинап бастағанына 16 жыл болған. Бүгінде оның қоржынында 100 мыңға жуық асық бар. Оның 50 мыңынан елордаға келгелі отырған алып асық құрастырылды. Бұл дегеніміз 25 мың қоймен пара-пар.

baq.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда