ШҚО-да Toyota Corolla маркалы автомобилінің тізгінінде болған әйел адам тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla жолаушысы 1968 жылғы әйел қаза тапты. Ал жүргізуші әйел жарақат алған, дәрігерлер оны қарап шығып, үйіне жіберген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сәйкес іс қозғалды», — деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.