jasqazaq.kz

ШҚО-да дүлей дауыл тұрды: Үй шатырлары мен көліктер қирады (видео)

18 шiлде 2017, 11:35

Шығыс Қазақстан облысында секундына 30 метрге жететін күшті жел тұрып, көптеген ғимараттар мен көліктер қирады. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан.

Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. ШҚО ТЖД мәліметінше, өңірдің кейбір жерлерінде ұйытқыған жел жылдамдығы секундына 30-35 метрге дейін жеткен. «Қазір өңірдің түрлі жерінен дауылдың салдары жайлы хабар алып жатырмыз. Күшті жел Жарма, Ұлан аудандарындағы ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Осындай хабарламалар Өскеменнен де түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл мәліметтердің барлығын жинастырып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Мұның алдында таралған ескерту бойынша өңірде желдің өті секундына 30 метрге жеткен», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда