jasqazaq.kz

Сенім жергілікті деңгейден басталады

12 наурыз, 18:17

Шын мәнінде, азаматтардың мемлекетке деген сенімі ең алдымен жергілікті деңгейде қалыптасады. Өйткені адамдар өз мәселесін ең алдымен мәслихат депутаттарына жеткізеді. Сол себепті мәслихаттар тек формалды өкілді орган емес, халықтың нақты мүддесін білдіретін маңызды институт болуы тиіс.

Президент өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру мәселесіне де ерекше тоқталды. Жергілікті жерде қалыптасқан ресурстар сол өңірдің дамуына қызмет етуі қажет. Бұл – халықаралық тәжірибеде өзін дәлелдеген тиімді басқару қағидасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мәслихаттардың бюджет жоспарлау процесіне ерте кезеңнен қатысып, қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуына бақылауды күшейтуі қажеттігін атап өтті.

Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар заңнамалық деңгейде де жалғасуда. Қазіргі таңда Парламентте біздің бастамамызбен әзірленген «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралып жатыр.
Бұл құжат жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Оның басты мақсаты – азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейту, биліктің ашықтығы мен есептілігін арттыру.
Заң жобасын талқылау барысында біз мәслихаттардың институционалдық рөлін күшейтуге, олардың жұмысын ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдауға және өкілді органдар қызметін цифрландыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгіздік.
Өйткені жүйелі құқықтық және технологиялық негіз болмаса, жергілікті деңгейдегі жақсы бастамалардың өзі көбіне жекелеген жобалар деңгейінде қалып қояды.

Бүгінгі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында мемлекет институттарының беріктігі ерекше маңызға ие. Сондықтан Президент айтқан Заң мен Тәртіп қағидаты – уақытша ұран емес, ел дамуының берік негізі.
Әділетті мемлекет ұрандардан емес, адамға деген құрметтен басталады.
Ал бұл сенім ең алдымен жергілікті деңгейде – халыққа ең жақын тұрған мәслихаттар жұмысы арқылы қалыптасады.

Бибігүл Жексенбай, 

Сенат депутаты

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті