jasqazaq.kz

Сенатор: Шекара маңындағы өңірлердің инфрақұрылымын дамыту керек

30 қараша 2023, 15:08


Жоғары білімі бар мамандар қарапайым тұрмыстық жағдайдың болмауына байланысты ауылдық жерлерге бармайды. Бұл туралы Премьер-Министр атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Ольга Булавкина айтты.

Сенатор депутаттық сауалында Қазақстанның шекара маңындағы өңірлерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді. Айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының 36 мың халқы бар Зайсан ауданында аудандық емхана салу қажет, ал Катонқарағай ауданында медициналық пункт ғимараты ауылдық клубта орналасқан.

«Катонқарағай ауданында ветеринария саласындағы мамандардың жыл сайын 25-30 пайызға дейін көшіп кетуі байқалып отыр. Осы саладағы қызметкерлердің бір бөлігінде арнайы білім жоқ. Бұл жағдай шалғайдағы әр ауылда байқалады. Жоғары білімі бар мамандар қарапайым тұрмыстық жағдайдың болмауына байланысты ауылдық жерлерге бармайды», – деді Ольга Булавкина.
Депутат осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жаңадан құрылған әкімшілік аумақтарды оңалтудың жол картасын әзірлеуді және тиісті қаржысы бекітілген әрі нақты мерзімдері көрсетілген шараларды іске асыруды ұсынды.

«Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет саласында ерекше реттеу саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлер жүктемесін азайтуға бағытталған бағдарламалар кешенін әзірлеу қажет. Шекаралас өңірлердің өңірлік және өңіраралық логистикасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Экономикалық дамуда жаңа кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді өркендетуді қолдауға бағытталатын арнайы шекара маңы аймақтарын құру мәселесін қарастыру керек», – деді сенатор.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?