jasqazaq.kz

Семейде пәтерге қамалған екі бала құтқарылды (видео)

18 тамыз 2017, 16:31

Семей қаласының 35-орамда орналасқан пәтердің бірінде, пәтер иесі кір жаюға аулаға шыққан, кезде пәтер есігі ішінен жабылып қалғанын көреді. Пәтер ішінде екі және бір жастағы балалар болған. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, балалардың анасы құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды Baq.kz.

«112» пультіне сағат 14:45-те хабарлама келіп түседі. Шақыру орнына құрамы 4 адамнан тұратын бөлімше құтқарушылары жіберілді.

«№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орына жедел жетіп, кіре беріс есікті демонтаждау туралы шешім қабылдады. Сағат 15:05-те авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бәрі сәтті аяқталды. Балалар құтқарылып, анасына табысталды» — дейді құтқарушылар.

Егер пәтер ішінде өздігінен есікті аша алмайтын балалар, қарт адамдар, мүгедектер қалса, мұндай азаматтарға құтқарушылар көмекке келеді.

Қосулы қалған газ, электр плита, жылытқыш электр құрылғылары, яғни өрттің шығуына немесе жарылыстың орын алуына себеп болатын барлық жағдайлар адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті.

Құтқарушылар ата-аналарға және барлық қала тұрғындарына балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау керектігін естеріне салады.

Құтқарушылардың жыл басынан бері облыс бойынша осындай оқиғаларға тап болған 215 баланы құтқарған.

Естеріңізге саламыз, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, шұғыл түрде «101» немесе «112» нөмірі бойынша құтқару қызметтеріне қоңырау шалу қажет.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда