jasqazaq.kz

Семейде миллиондаған айыппұлды төлей алмаған ер адам 7 жылға сотталды

20 шiлде 2017, 12:50

Семей гарнизоны әскери соты бұрын айыппұл ретінде белгіленген жазаны 7 жыл бас бостандығынан айыру түріне ауыстырды.

Семей гарнизоны әскери сотында Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімі сот орындаушысының бұрын сотталған әскериге қатысты сот үкімі бойынша жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қаралды. «Сотта, Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тарауы, 366-бабының 3-тарауының 4 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 21 000 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалғандығы анықталды. Айыпталушыға қатысты от орындаушылар сот актісін орындау үшін айыппұлды төлеуге қатысты барлық шараларды қолданған. Алайда, сотталушы сот үкімін орындамаған. Осыған байланысты сот орындаушы сот үкімі бойынша тағайындалған айыппұл түріндегі жазаны, жазаның басқа түріне ауыстыру туралы ұсынысымен сотқа жүгінген», — делінген хабарламада. Сот қаулысымен айыппұл түріндегі жаза, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Тengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда