Семейде абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

21 мамыр, 18:54

Облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы бері Семейді сүреңсіз де қызықсыз қала деп атау қиын. Мұнда жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылып қана қоймай, көп қабатты үйлердің қасбеттері ретке ккелтірлді.  Жер асты өткелдері жөнделіп, қызықты тақырыптық муралдар көбейіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың сәуір айында көше тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырды.
Абай облысының әкімшілік орталығының көшелері жаңа түстермен жарқырауы үшін өткен жылдан бастап Семейде қасбеттерді кеңінен жөндеу басталды. Осы жылы 36 көп пәтерлі тұрғын үйдің қабырғаларын жаңарту жоспарланған. Қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, қала орталығындағы үйлер, сондай-ақ оң жағалауда да, сол жағалауда да магистральдардан алыс орналасқан үйлерді сырлау жұмыстары жасалмақ.
«Жұмыс қасбеттерді жөндеу, тегістеуді, содан кейін қасбетті бояуды қамтиды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, біз қалаға сәулеттік көрініс беретін үйлерді ғана қамти аламыз»,- деп атап өтті Диана Шаяхметова.
Қасбеттерді жаңарту кестеге сәйкес 15 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Егер мердігерлердің жұмысы ескерту тудырса, кепілдік міндеттемелер шеңберінде оларды жоюға міндетті.
Сонымен қатар, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жер асты және жер үсті өткелдерін жөндеу жоспарланған. Жер асты өткеліндегі жөндеуден басқа, белгілі музыкант Батырхан Шүкеновті еске алу туралы шешім қабылданды.

Қазір мұнда бірнеше қабырғаға суреттер салынып, әншінің композициялары шырқалады.
«Қазір жұмыс басталды. Техникалық ерекшелікке сәйкес, жер асты өткелінде ішінара муралдарды бейнелеу, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жарықтарды ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде лифт пен шатырдың поликарбонат жабыны ауыстырылады»,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерік Шағанов.


Сондай-ақ вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы бейнебақылау камералары орнатылады.
Семей қаласының орталық көшелерін көгалдандыруға және абаттандыруға арналған тағы бір жоба – Мәңгілік ел көшесіндегі қоғамдық кеңістікті абаттандыру, Арбаттың жалғасын ұйымдастыру көзделген. Барлық жұмыстардың аяқталуы мамыр айының соңына жоспарланған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Семей қаласы әкімдігі 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде