Қайғылы жағдай 25 шілде күні кешкі уақытта тіркелген. Ескі тоңазытқыштың ішінде тұншығып қалған қыз бала жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.
Семей қаласының ІІБ баспасөз қызметінен хабарлағандай, 25 шілде күні шамамен түнгі сағат 23:00 шамасында «02» нөміріне бір азаматша қоңырау соғып, 2010 жылы туған қызының жоғалып кеткендігін хабарлаған. «Оқиға орнына жеткен «Әуезов» полиция бөлімінің арнайы тергеу тобы үйдің ауласында тұрған тоңазытқыштың ішінен баланың мәйітін тауып алды. Бала ауа жетпей көз жұмған. Ойнауға далаға шыққан ол тоңазытқышқа кіріп, қайта шыға алмай қалған», — дейді ведомствода. Қайғылы оқиға Семей қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды. Құқық қорғаушылар істің ақ-қарасын анықтау үстінде.