jasqazaq.kz

Сексеуіл саудасына салынған тыйым кәуап пісіретіндерді тақырға отырғызуы мүмкін

01 маусым 2017, 21:34

Сексеуіл саудасына түбегейлі тыйым салынбақ. Сенат өсімдік пен жануарлар әлеміне қатысты заңға осындай түзетулер енгізді. Оған сәйкес, енді жанармай бекеттері мен жол бойында самсап тұратын сексеуіл саудасы жойылуы тиіс. Негізі шөлейтті аймақтарда ғана өсетін ағаштың бұл түрін 2018-ші жылға дейін шабуға тыйым салынған болатын. Алайда, сексеуіл саудасы одан азайған емес. Енді Үкімет браконьерлікпен күреске мықтап кіріскелі отыр.

Сексеуіл – шөл және шөлейтті жерлерде тамырын тереңге жіберіп өсетін өсімдік. Құм көшкінінен қалқалайтын қауқары бар. Көмір мен газға қол жетпеген жылдары көптеген ауыл-аймақтар осы өсімдікті отындыққа да пайдаланды. Ал қазір кәуап пісіретіндерге таптырмас отын. Шоғы ұзақ уақыт сөнбейді, әрі қызуы да жақсы.

Сахип Мұстафаев, кәуапшы:

-Көмір де жаман емес. Қарағашты да қолдануға болады. Бірақ, сексеуілдің орны бөлек. Сексеуіл шоғымен піскен кәуаптың дәмі ерекше татиды. Сондықтан, тек сексеуіл жағамыз.

Бұл жігіттің күніне қолы бір босамайды. Өйткені, аптасына демалыссыз, күніне үзіліссіз жұмыс істейтін жерге келетін қонақ көп.

-Тауық, үйрек, қойдың еті – дәмді кәуап дайындауға мұнда қажеттінің бәрі бар. Пешіңіз дайын, сексеуіл шоғы қызып тұр. Мұндағы қонақтарға мынадай дәмді кәуап дайындау үшін күніне екі арба сексеуіл қажет.

Мейрамханаларға сексеуілді жеткізу де аса қиын емес. Қаладағы жанармай бекеттерінде қорапқа салынған табиғи отын толып тұр. Ал онда арнайы компаниялар жеткізіп отырады. Қымбатсынғандары көше бойын жағаласа болғаны. Әсіресе, қала сыртындағы демалыс орындарына қарай баратын жолдарда қалтаға қолайлы бағамен емін-еркін саудаланып жатыр.

— 400 ден 800 теңгеге дейін сатылып жатыр.

Негізінде сексеуіл шабуға елімізде 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін заңмен тыйым салынған. Бірақ, көшелерде саудасы қызып тұрған мына түптердің қайдан қандай жолмен келіп жатқаны беймәлім. Енді бұл бассыздықтың да жолы кесілмек.

Сәкен Ділдахмет, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

— Жанармай бекеттерінде, дүкендерде сексеуіл сатылып жатыр. Заңсыз сауда Алматы облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Ақтөбе облыстарында көп.

Бүгінде еліміздің шөлейтті аймақтарында, сондай-ақ, Арал теңізі маңында құм көшкінін азайту үшін сексеуіл түптерін отырғызу қарқынды қолға алынған. Ал оларды кесу және сату деректері тіркелген жағдайда ірі көлемде айыппұл төлейді.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда