jasqazaq.kz

Сейсмология саласын дамытуға арналған кешенді жоспар қабылданды

05 шiлде 2024, 9:14

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру бар.
15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленеді. Бұл еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі жер сілкінісі ошақтарының 70 пайызын болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар аталған аумақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауға және жаңа құрылыс нормаларын әзірлеуге негіз болады.
Паспорттау ең осал құрылыс объектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіптілігін төмендету шаралары қолданылады. Оның ішінде: сейсмикалық күшейту, құнды жабдықтарды қорғау немесе шығару, мақсатын өзгерту және басқалары бар.
Сонымен қатар 285 сейсмикалық станса орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Бұл Алматы облысында және еліміздің басқа да сейсмоқауіпті өңірлерінде сейсмикалық қауіпті сапалы болжауға мүмкіндік береді. Соған орай қажетті іс-қимыл шаралары жедел қабылданатын болады.
Бұдан басқа, ғимараттардың құрылысы мен жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, мониторинг әдістерін жақсарту, сейсмология саласындағы мамандарды заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде сейсмикалық қауіпті аумақтардағы азаматтардың, құрылыстар мен инфрақұрылымның қорғалу деңгейі айтарлықтай күшеюі тиіс. Сондай-ақ жер сілкінісі болған кезде мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар тарапынан ден қою жүйесі жетілдіріледі.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды