Саясат Нұрбек: Жоғары оқу орындары студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге міндетті болады

05 желтоқсан 2023, 14:37

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттер студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етуге міндеттелетінін айтты. Әйтпесе, оларға лицензия берілмейді.
Желтоқсанның 5-і күні үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министр студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудегі жағдай қиын күйінде қалып отырғанын айтты. Бұл мәселе ондаған жылдар бойы болды.
«Бүгін бізде не бар? Дефицит -17 488 төсек орын. Бұл 30 қарашадағы соңғы мәліметтер. Ең көп қажеттілік Алматыда, Астанада. Алматыда сегіз мыңға жуық төсек, Астанада 6,5 мың төсек. Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында, Түркістан, Ақмола облыстарында және Шымкентте қажеттілік бар. 14 облыста жағдай қанағаттандырарлық», — деді Саясат Нұрбек.
Министр жыл соңына дейін Қазақстанда 10 мыңнан астам орындық 43 жатақхана пайдалануға берілетінін қосты.
«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап біз өзгертулер енгіздік. Енді университеттерге жаңадан қабылданған студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді 100%, ал жалпы 70% қажеттілікті өтеу үшін қатаң талаптар қойылады. Бұл заң талабы болмақ. Қазір біз тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды, тиісті тәртіпті пысықтап жатырмыз. Енді бұл міндетті талап лицензия беру кезінде ескерілетін болады. Енді университеттер бұл міндетті шартты орындамай өз қызметін жүзеге асыра алмайды», — деді министр.
Сондай-ақ жатақханалардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына бизнесті белсенді тарту жоспарлануда.
«Жеке сектордың көмегінсіз мемлекет мұндай ауқымды мәселені көтере алмайды», — деп мойындады Саясат Нұрбек.
Дегенмен, оның айтуынша, жатақханада орын тапшылығы әрқашан болады.
«Келесі жылы тағы 12 мыңға жуық төсек-орын енгізу жоспарлануда.Бірақ бұл әрдайым жеткіліксіз болады, өйткені бұл бір реттік мәселе емес, студенттердің саны артып келеді. Өйткені, «Демографиялық өсу жалғаса берсе, бізде қазір 620 мың студент бар, ал 2030 жылға қарай олардың саны миллионға жуықтайды», — деді министр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу