Нью-Йоркте Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстандық жеңіліп көрмеген орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен 16 қыркүйек күні болатын жекпе-жекті асыға күтуде. «Бізді қолдап жүрген — бокстың шынайы жанкүйерлеріне алғыс айтамын. Әрине, барлығы бұл айқасты асыға күтуде. Міне, біз дайынбыз. Мен өте ашпын. Мен «Канелоның» да дайын екендігіне сенімдімін.Бұл біз үшін қызықты айқас», — деп атап өтті Геннадий Головкин. «Бұл тек біз үшін емес, бокс үшін де керемет айқас болады. Әр қайсысымыздың мүмкіндігіміз бар. Тамаша шоу көрсететінімізге сенімдімін. Бұл — боксшылар шоуы болып, көпшілікке жоғары көңіл-күй сыйлайды деген сенімдеміз. Екеуміз де — кәсіпқой спортшымыз. «Биг драма шоу» болатынына уәде беремін», — деді ол. Геннадий Головкиннің титулына үміткер Сауль Альварес қазақстандықты нокаутпен жеңемін деп есептейді. «Мен қарсыласымды нокаутпен жеңетініме сенімдімін. Өйткені мен 100% дайын отырмын. Екеуміздің де нокаут процентіміз жоғары, сондықтан алдын ала болжам жасау қиын. Біздің жекпе-жек нокаутпен аяқталады деп ойлаймын», — деп жауап қайтарды Альварес. Боксшылардщың айқасы 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Баспасөз туры Лондон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында өтуде.