jasqazaq.kz

Саудагерлерді сергелдеңге салған Д.Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды?

25 ақпан 2024, 19:11

Бүгін Дәнияр Әлпиевке алданған бір топ саудагер Алматы облыстық полиция департаментінде шу шығарды. Бұл туралы jasqazaq.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қонаев қаласына келген кәсіпкерлер әлеуметтік желіде Данияр Әлпиевті, Эрмек Марқабаевты ақтап алуды көздейтін адвокаттардың әрекеттеріне, көрші мемлекетке нота жолдатқан астыртын ойындарға алаңдаулы екендерін жеткізді
жапа шегуші тарап Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Қасенұлы Шалқаровқа бірнеше сұрақ қойды:
“Саудагерлерді сергелдеңге салған, 2 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды? Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды ма (№3 павильон құрылысы)? Жәбірленушілер саны қаншаға жетті? Павильон құрылысына қаржы жинауға тікелей қатысы бар Эрмек Марқабаев, кассир Маржан Есжанова, Бекет Әбілов және басқаларға неге шара қолданылмай жатыр?”
Бұл жиынға Данияр Әлпиевтің туған-туыстары да қатысқан. Бұған дейін Данияр Әлпиевтің басшылығындағы компания үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған.
Атап айтқанда, базардың атқарушы директоры болып қызмет атқарған қырғыз азаматы Эрмек Марқабаев, кассада жұмыс істеген Маржан Есжанова және базардың бақылаушысы Бекет Әбілов сынды тұлғалардың қатысуымен болған заңсыз қаржы жинау әрекеті әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.


Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы үлескерлердің көкейтесті мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын және үлескерлерді жәбірленуші ретінде танитындығын айтты.
Айта кеткен жөн, былтыр желтоқсан айында Д.Әлпиевтің екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Сурет: «Адырна» порталы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?