Ақтаудағы орталық базар саудагерлері бас көтерді.
Жұрттың шу шығаруына шенділердің сауда орнының аумағындағы жолды кеңейтуі себеп болған. Яғни мұндағылар бір жылға жуық уақыт жүргізілетін құрылыстан, саудамыз жүрмей қалуы мүмкін деп алаңдаулы. Сондықтан әкімдік бастаған ісін тастап, елге тыным берсін деген тілек білдіруде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Мыңға жуық саудагері бар орталық базардағы сауда екі сағатқа тақтатылды. Топ болып жиналған мына кәсіпкерлер сауда нысаны мыңындағы тар жолды кеңейтуге наразылық білдіруде. Айтуларынша, құрылыс жұмыстары жүргізілсе бұл жерге тұтынушылардың кіріп-шығуы қиындап, тіпті мүлдем келмей қоюлары да мүмкін екен. Ал, оның соңы баскротқа әкеп ұрындырады дейді сатушылар.
Гаухар Матмұратова, кәсіпкер:
-Таңертең келеміз, кешке кетеміз. Осымен қазан қайнатып отырмыз. Жауып тастау ақылға сыймайтын нәрсе. Қанша халық жұмыссыз. қалады. Біз аренда, салығымызды уақытылы төлеп отырмыз.
Кәсіпкерлер шенділердің тар жолды кеңейтеміз деуі құр сылтау дейді. Яғни оның астарында базарды басқа жаққа көшіру саясаты жатқанына сенімді. Осыдан екі жыл бұрын да сауды орын көшіру әңгімесі қылаң беріп, бірақ кейін басылған екен. Ал, шенеуніктер бұл қате пікір деп отыр. Айтуларынша, орталық базарға маңындағы жолдың тар болуынан, ұзын-сонар кептелістеп пайда болып, қатынас қиындаған. Енді осы түйткілді шешу үшін 4 жолақты жол салуды ұйғарйыпты.
Марат Молдағұлов, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы:
-Күрделі дәрежедегі жаңғырту жұмыстары жасалады.Осының негізінде сауда орына кіріп –шығу мәселелері уақытша шектелдуі мүмкін. Біз қоғамдық кеңес, және ақтау қалалық мәслихаты осы мәселе бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз.
Жол салу үшін жергілікті қазынадан қаржы бөлініп, мердігер анықталып қойған. Енді ақпан айының бірінде құрылыс жұмысы басталып, жыл соңында аяқталуы мүмкін. Жұрт жөндеу жұмысының 9 айға созылуына да наразы.