Сауд Арабиясы полициясы әлеуметтік желіге өзінің қысқа белдемшемен жүрген видеосын жүктеген қызды ұстады.
Бұл туралы Die Zeit хабарлайды.
Қыз қала көшелерінің бірімен тізеге жетпейтін белдемше мен қысқа жейде киіп, басына орамал тартпағаны үшін, шариғат талаптарын бұзды деп айыпталып отыр.
Әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен видео жергілікті тұрғындардың жаппай наразылығын тудырған. Билік бірден қызға іздеу салып, тексеруді бастап кетіпті. Сол елді мекеннің басшылығы провинция губернаторы мен полицияны шақырып, әйелді жауапкершілікке тартуды талап еткен.
Бұл елде аталған айып үшін, бірнеше рет дүре соғылады немесе түрмеге жабылады.