jasqazaq.kz

Сарбаздың анасы рота командирінің үстінен арызданды

02 тамыз 2022, 12:08

Әскерде борышын өтеп жүрген сарбаздың анасы ұлының қысымға ұшырағанын айтып шағымданды. Өскемендік әйелдің сөзінше, рота командирі сарбазға несие рәсімдеп, өз үйіне азық-түлік сатып алдыртып отырады екен. Бұл туралы YK-News.kz ақпараттық агенттігі жазды.

Шағымданған әйелдің дауысы жазылған аудиоматериалды жергілікті белсенді Антон Князев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Әйел бұл шағымды әскери прокуратураға жеткізуін сұрапты және рота командиріне психологиялық сараптама жүргізуін талап еткен. Өйткені, оның әрекеті ақылы сау адамның әрекеті деп айту қиын дейді ол.

Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы аталған жайтқа қатысты тексерудің басталғанын айтты.

«Аталған жағдай бойынша әскери полиция тексеру жұмыстарын бастап кетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы барлық дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 5518 әскери бөлімінің қызметшісі атқарып отырған қызметінен шеттетілді. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланатын болады», — деді Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық