jasqazaq.kz

Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады

24 ақпан, 19:34

2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның Жаңа Конституциясы — қоғамның топтастырушы әлеуеті» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті. Іс-шараны ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты (ФСДИ) ұйымдастырды. Жиынға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары, сондай-ақ Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова өз сөзінде: «Жаңа Конституция жобасы тең құқықтар қағидатын және Қазақстанның сан алуандылығына құрметті нығайтады. Ол қоғамдық келісімді әділдікке, диалогқа және өзара мойындауға негізделген жүйе арқылы қалыптастырады», – деп атап өтті. Сарапшының пікірінше, Конституция жобасы қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңін көрсетеді және қазақстандық қоғамды топтастырудың жинақталған тәжірибесін ескере отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған.

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова жаңа Конституция жобасының баптарында зайырлылық қағидаттарын бекітудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол бұл қағидаларды «smart-зайырлылық» деп сипаттап, оның ар-ождан бостандығы, диалог мәдениеті және толеранттылық қағидаттары сияқты азаматтық татулық құндылықтарын нығайтатынын айтты. Мұндай құндылықтық негіз жаңа онтологиялық шынайылық жағдайында көзқарастар алуандығын сақтай отырып, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сарапшылар жаңа Конституция жобасына оң баға беріп, оның қазақстандық қоғамдағы келісімді нығайтуға бағытталған сындарлы әлеуетін атап өтті.

Философия, саясаттану және
дінтану институтының
баспасөз қызметі

09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы