jasqazaq.kz

Сарайшық киелі жерлер картасына енгізілді

17 тамыз 2017, 12:25

Қазақстан халқы Ассамблеясының атыраулық жастары Сарайшық қаласына экскурсияға барды. Жеті хан жерленген киелі ордада топты мемориалдық музей директоры Молдаш Бердімұратов қарсы алып, қызықты тарихи деректермен бөлісті.

Экскурсия барысында жастар Сарайшық қаласы туралы толық ақпарат алып, мәдени тарихи ескерткіштерді тамашалады, экспонаттармен танысты.

Сарайшыққа саяхат жасау ғасырлар құпияларына терең бойлаумен бірдей. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде келген қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің, шетелдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады. Атылмыш кітапта еліміздің әр аймағынан ғана емес, ТМД кеңістігі мемлекеттері, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Германиядан келген меймандардың пікірін оқуға болады.

Хан ордалы Сарайшыққа сапарды орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы Владимир Заверткин мен жергілікті «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекшісі Тамара Аман-Турлина бастап барды.

Айта кету керек, Сарайшық кешені бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасақталып жатқан киелі жерлер картасына енгізілген. Ескі қаланы су шаюдан сақтап қалу мақсатында, бүгінде Сарайшық маңында Жайық жағасын бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда