jasqazaq.kz

Сара Тоқтамысова Айнұр Тұрсынбаева жайлы ойын ашық айтты

18 желтоқсан 2017, 11:36

Айтыскер Сара Тоқтамысова Айнұр Тұрсынбаеваға деген ыстық ықыласын әлеуметтік желі арқылы білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

«Кеше бір кісі: «Өнер жолының қиындығы сонда, бәрібір бір салада жүргесін біріңді-бірің көре алмайсыңдар», — деп біраз ойына келгенін опырып жазып жіберіпті… Иә, өтірік емес, ол — әр салада бар құбылыс. Өнер жолы ол — жарыс! Ол жерде небір қарсыластарың болады. Біреуіне күліп қарайсың, біреуіне құлағыңды түріп қарайсың, біреуінің ішкі ойын біліп қарайсың дегендей… Өзіме келсем, өнер сапарында үнемі бірге жүретін серігім — осы кісі! Шын айтайын, дүние 180 градусқа айналып жатса да, мен осы әпкемді өзіме қарсылас не болмаса, біреулер айтпақшы «конкурент» санамаймын… Өткенде өзіммен жасты бір құрбым: «Айнұрды апай дейсің бе не? «Сен» дей бермейсің бе?» — дейді… Ол біреулер үшін түк емес шығар. Менің тәлімім бөлек. Ең алғаш айтыс саxнасына шыққанда еліктеп өстім. Алғаш көргеннен «Апайым»деп кеткем. Сол құрметім сақталады! Бәрібір өнерде оның мендей жақыны, менің ол кісідей жақыным жоқ.. Ол мәселе біздің бір елден, бір жерден екендігімізден емес, ол біздің жанымыздың жақындығынан. Қалқиып қасымда жүрсе болды, менен алаңсыз адам жоқ негізі. Өзіне жақсы көретінімді айта бермеймін! Жалпы арасында туғандарыңызға, жақындарыңызға қалай жақсы көретініңізді айтып тұрғанның еш айыбы жоқ! Солай емес пе?» — деп жазды Сара Тоқтамысова.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды