jasqazaq.kz

Санкция салқыны ма?

04 тамыз 2017, 12:19

Теңге қайта ес жиды. Кеше төл ақшамыздың американ долларына шаққандағы бағамы 335-ке кеп табан тіреді. Ал еуро әлі қымбат – 396 теңге. Ұлттық валютаның құнсыздануы, әдеттегідей, гу-гу жорамалмен басталды. Іле-шала алыпқашпа әңгімені кейбір интернет басылымдар мен әлеуметтік желі іліп ала жөнелді. Ұлттық банк теңге бағамына ең алдымен АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген жаңа санкциясы мен ахуалдың бұлыңғырлығы ықпал еткенін мәлімдеді. Бұл жолы мұнай бағасы басты себеп ретінде көрсетілмеді.

Оған пәлендей негіз де жоқ еді. Өйткені, алдағы қазан айына арналған «қара алтын» (Brent) құны бұл жетіде барреліне 50 доллардан кем болған жоқ. Ал бейсенбіде 52,54 долларды құрады. Оның үстіне бұрынғыдай емес, үй мен көлікті теңгемен сатып алуға көшкелі біздегі қалың көпшілік шетелдік валютаға аса құштар емес. Банктер мен айырбас орындарында ұзынсонар кезектің болмауы да содан. Биылғы маусым айында тұрғындар айырбас орындарынан 316 млн долларды қолма қол ақшаға сатып алыпты. Бұл мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,8 пайызға аз. Қайсыбір сарапшылар американ ақшасына деген сұраныстың күрт артуына орайлы сәтті пайдалана кететін валюта саудагерлері сыртқы қарызын төлейтіндер себепші болды деген пікірде. Себебі, дәл осы күндері биржада шетелдік ақшаға деген сұраныс өте-мөте артып кеткен. 2 тамызда шетелдік валюталар бойынша сауда-саттық көлемі  494 млн долларға жеткен. Бұл 2015 жылғы 14 желтоқсан күнгі мөлшерден кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Сол кезде сауда-саттық 511 млн доллардан асты. Кеше әдеттегі қалпына келіп, 273 миллионға табан тіреді.

Қаржы сарапшылары мен экономистері теңгеге біздің Ресеймен экономикалық одақта (ЕАЭО) болуымыз бен рубльдің құнсыздануы ықпал етті дейді. Бір қызығы, бұл күндері теңгенің рубльге шаққандағы бағамы пәлендей өзгерген жоқ. Сол бұрынғы 5,1 – 5,5 арасында. Айта кеткен жөн, еліміз бен терістік көршімізден басқа осы одаққа мүше  елдердегі ұлттық ақша «қатты девальвацияға ұшырады» деген хабарды ести қойған жоқпыз. Демек, біздіңше, ақша бағамындағы ахуалға әлгі «орайлы сәт» әсер еткен сияқты. Өйткені, санкция салдары (бұл тақырыпқа алдағы уақытта жан-жақты тоқталамыз) бүгін-ертең сезіледі деген сөз емес. Оның белгілі бір елге немесе аймақтағы экономикалық қоғамдастыққа қаншалықты әсер ететінін тап басып айту да қиын.

Талап Тілеген

 

 

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда