Сандуғаш Стамғазиева: Ең бастысы, ешкімді ажыратып алған жоқпын

11 желтоқсан 2023, 11:54

Әнші Сандуғаш Стамғазиева отандық бағдарламаға сұхбат беріп, отбасы туралы ел арасындағы қауесетке нүкте қойды.
«Маңдайыма жазылған нәрсені көріп жатырмын. Сондықтан «анау екен, бүйтіпті, сөйтіпті» деген әңгіме айтатын заман емес қазір. Иә, басында ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда қайда барамыз. Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады, мен көбіне «әкеңнен сұра, сол не айтса сол болады» деп итере берем. Алтекең де менің жағдайымды қыздары арқылы біліп отырады. Алтекеңдей үлкен тұлғамен өмірім байланысады, тағдырым бірігеді деп ойлаған емеспін. Алтынай қызым жақында 19 жасқа толады. Сафиянұрым есімді екінші қызы 10-сыныпта оқиды. Ешкімге ренжімеймін. Алғашқы жарымен де бет-жыртысып, ренжіспедік. Ол кісіге деген көзқарасым өте жақсы. Қайта ол кісіге рақмет айтамын. Бір-бірімізбен кездесіп, бір дастарханда отырмасақ та тілекшімін. Жүздеспедім, бір-бірімізді көп көрген жоқпыз. Алтекеңе деген сыйластығы шығар, бір-бірмізге алагөздік деген жоқ. …Балаларымның әкесінің атына көп дүние айтылады. Маған айтылған сөздер де болды: отбасының ортасына түсу, іріткі салу деген. Жоқ, Құдай сақтасын, оның бәрі пешенемізге жазылып қойған дүние болғандықтан, ең бастысы, ешкімді ажыратып алған жоқпын. Әркім өзі отбасымен өмір сүріп жатыр. Балаларына деген көзқарасы да жақсы», – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу