jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» жаңа стратегия аясында компаниялар санын қысқартады

20 сәуiр 2018, 15:08

«Самұрық-Қазына» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясының аясында қор активтері қоржынын қайта құрылымдаудан өткізеді.

19 сәуір күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын және жаңартылған Трансформациялау бағдарламасын мақұлдап, қабылдаған болатын.

Қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Самұрық-Қазынаның» жаңа Даму стратегиясындағы басты басымдық беретін дүниесі қоржын компаниялардың табыстылығын ұлғайту арқылы ұлттық әл-ауқытты арттыру болмақ.

Құжат үш негізгі мақсатты анықтайды: олар – компаниялар тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» активтері қоржынын тиімді түрде басқару және тұрақты даму.
«Бүгінгі күні қор активтері 332 компаниядан тұратын 5, 6 деңгейлі күрделі құрылымды құрайды, бұл оларды басқаруды қиындатып отыр. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, 51 компания Қор құрылымынан шығатын болады. Түскен қаражатты қайта инвестициялау мақсатында салалық болып табылмайтын 102 компанияның активтеріне қатысудан шығу жоспарланып отыр», — деп көрсетілген хабарламада.

Осылайша компаниялар санын 332-ден 179-ға дейін қысқарып, басқарудың 3 деңгейлі түрі пайда болады деп түсіндіреді «Самұрық-Қазына» өкілдері.

Бұдан бөлек жаңа Стратегияда халықаралық инвестициялар қоржынын стратегиялық бақылауға алуды Қордың Басқару жөніндегі кеңесі жүзеге асыратыны атап өтілген.
«Бұл инвестициялардың артықшылықтары экономикаға баса мән беруді төмендету, жергілікті инвесторлардың кетуін тоқтату, халықаралық деңгейде қатысуды нығайту және жаңа технологиялар мен білім түріндегі пайда алу болмақ», — деп мәлімдейді «Самұрық-Қазына».
«Temasek» және «Khazanah» компанияларының мысалында әлеуметтік инвестициялар тек адами капиталды құруға, білімге және инновацияларға бағыталатын болады.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр