jasqazaq.kz

«Samsung»-та да жемқорлық

25 тамыз 2017, 22:39

 Оңтүстік Кореядағы ең бай кәсіпкерлердің бірі, «Samsung Electronics» компаниясының басшысы Ли Чжэ Ён жемқорлық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл дау-дамай елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хенің импичментіне айналып, Оңтүстік Корея экономикасының негізін қалап тұрған ірі корпорацияларға халықтың наразалығы өрши түсті.
Ли бұрынғы президент Пактың бейресми кеңесшісі және құрбысы Чхве Сун Силдің қарамағындағы қорларға қаржыны заңсыз аударғанын мойындамады. Маусым айында Чхве билікті асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылса, Пак жемқорлық жасады деген айып бойынша сот алдында жауап берді.
Ақпан айында ұсталып, жұма күні сотталған 49 жастағы Ли электроника, ұялы телефондар, теледидарлар, мониторлар мен тұрмыстық техника шығаратын Samsung компаниясының ресми түрде вице-президенті. Алайда оның әкесі, компания президенті Ли Гон Хи инфаркт алғаннан кейін ол корпорацияның ресми басшысы саналады.
Ли үкімді қайта қарату үшін шағым түсіруге ниетті, деп хабарлады оның адвокаты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда