Салғырттық соттан бір-ақ шығарды

22 желтоқсан 2023, 11:17


Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабымен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне қатысты іс қаралып жатыр.
Kazinform жазғандай, биылғы наурыз айында ер адам ұрлық жасау мақсатында ашық тұрған балкон арқылы пәтерге кіріп, отбасының үш мүшесін пышақтап өлтірді. Тек бір бала аман қалды. Енді осы іс бойынша тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл — ТЖД қызметкерінің ісі. «112» маманы қансырап жатып қоңырау шалған баланың сөзіне сенбеген.
Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Әсел Таналиева: «2023 жылдың 29 наурызы күні кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші пышақ жарақатын алған соң құтқару қызметіне бірнеше рет қоңырау шалған. Ал облыстық ТЖД-нің қызметкері қоңырауға дұрыс жауап бермеді, көмек көрсетуге асықпады. Тек үшінші рет хабарласқанда ғана жедел жәрдем жіберген. Ол өз қызметін дұрыс атқармаған. Қылмыстық кодекстің 371-бабы 1-бөлігімен сотқа арыз түсті. Кінәсін мойындамауда. Кәмелет жасқа толмаған бала сол күні сағат 3:35-тен 4:25-ке дейін хабарласқан. Ал қызметкер мұны баланың ойыны деп ойлаған», – деді.
Жәбірленуші тарап кінәліге заң аясында қатаң жаза беруді сұрап отыр.
«Құтқару қызметі бала әзілдеп тұр деп ойлап, сенбеген. Ол қайта-қайта хабарласқанының арқасында тірі қалды. Ол үш рет телефон шалған. Үшінші рет хабарласқанда ғана көмек келді. Құтқару қызметі ісіне салғырт қарағаны үшін қатаң жауапқа тартылуы керек деп есептеймін. Оны сот шешеді. Біз 5 млн теңге моральдық шығын сұрап отырмыз», – деді аман қалған оқушының апасы Евгения Кайрис.
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу