Нұрсұлтан Әбішұлына ұқсаймын! Өткір ойымен, қырағы сөзімен әріптестерінен оқ бойы озық тұрған Сәкен Майғазиев желіде қызықты пост жазып, оқырмандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
“Нұрсұлтан Әбішұлына ұқсайтын бір қасиетім сөйлегенде ернім көтеріліп кетеді екен”, – деп бөлісті ол Instagram-дағы парақшасында. Желі қолданушылары әншінің тапқырлығына қайран қалып, ақжарма тілектерін жеткізді. “Болмасаң да ұқсап бақ. Басыңа Алла берсін бақ. Қабыл алса жаратқан. Астыңа тілер едім тақ”, “Нағыз құрмет иесісіз. Өнер адамдары ішінде ең ерекше жақсы адам деп сізді айта аламын”, “Алла абыройыңызды асқақтата берсін”, – деп ақ тілегін білдірді оқырмандар.