jasqazaq.kz

Сайрам ауданының тұрғыны жиһадқа шақырғаны үшін сотқа тартылды

10 тамыз 2017, 12:05

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған 27 жастағы жігіттің ісіне қатысты алғашқы сот отырысы болып өтті.

Тергеу барысында жас жігіттің араб елдеріне болып, өз жағына тартқан адамдармен бірге Сирияда соғыспаққа әрекеттенгені анықталған. Бірнеше жыл бойы 27 жастағы Әбілқасым өзінің ВКонтакте парақшасы арқылы Таяу Шығыс пен Сирияда соғысып жүрген экстремистік топтарды қолдауға және қасиетті соғысқа қатысуға шақырған. Сотталушы өзінің ұялы телефоны арқылы әлеуметтік желіге кіріп жүрген. Телефонның нөмірі арқылы ұсталған. «ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, ол 256-бап 1-бөлігінде қарастырылған (терроризмді насихаттау) қылмысты жасаған», — дейді Әл-Фараби ауданы прокуратурасы прокурорының орынбасары Нұрлан Махадилов. Сотталушының осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы мен Ресейге шығып, ДАИШ сапына енуді жоспарлағаны белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта оның артында төрт баласы мен аяғы ауыр әйелі қалған. «Одан барлық күдікті заттар тәркіленді. Айыптан жалтарып отырған жоқ. Оның әкесі де бір жылдан кейін түрмеден шығады. Ол да терроризмге шақырғаны үшін сотталған. Терроризмді насихаттау тоқтайтын емес», — дейді Сайрам аудандық сотының судьясы Салтанат Қабылова. Айта кетерлігі, бұл іс Сайрам аудандық сотында өтіп жатқан діни экстремизмге қатысты істердің алғашқысы емес. Осы жылдың сәуір айында дәл осы сотта Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымының 7 мүшесі сотталған болатын.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда