Үнемі елді шулатып жүретін Ерке Есмахан тағы ел назарында! Әнші тұңғыш рет сахнаға ұлы Муслиммен бірге шықты. Жұрт Еркенің бұл әрекетін қызу талқыға салды, деп жазады Stan.kz.
“Ақжайықтың ақжарқын көрермендері! Мың алғыс, жақсы көремін сіздерді! Бүгіннен бастап Муслим менімен гастрольдетіп бірге жүреді біраз, Ақтөбеден қалмай еріп шықты!
Бастамасы жаман емес! Халықтың ықыласына бөленіп мәз! Түрінен білінбеседе, эмоциясының бәрі ішінде! Тұрысын-ааай! Әдейі емес, ойнап жүріп шыға салды саxнаға! Тиіспеңіздерші балаға! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.