jasqazaq.kz

Сағадат батыр сабағы болып өтті

05 сәуiр 2024, 21:27

Биыл Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Кеңес Одағының да көрнекті әскери қолбасшысы, еліміздің тұнғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтуде.
Бүгін Еуразия Ұлттық Университетінің бас ғимаратында батырдың Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін құруға қосқан үлесі мен өмір жолына арналған бас қосу болып өтті.


Студенттермен кездесуді дәріс түрінде ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің тарихшы-ғалымдар өткізді. Әскери ғалымдардың баяндамасынан жастар меретой иесінің ерлік жолы туралы көптеген мағлұматтар алды.
Ол он сегіз жасында Ұлы Отан соғысы басталысымен қайта-қайта сұранып жүріп, Түркіменстанның Кушка қаласындағы Бірінші Түркістандық пулеметшілер училищесін бітіріп, 1943 жылы 26 сәуірінде лейтенант шенінде майданға аттанады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашист басқыншыларына қарсы шайқастарда қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны және осы ретте танытқан ерлігі мен батырлығы үшін ҚСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен капитан С.Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» медалі мен Ленин ордені қоса табыс етеді.
Соғыстан соң Сағадат батыр бүкіл саналы ғұмырын Отан қорғау ісіне арнап, әскер қатарында жоғары қолбасшылық қызметтерді абыроймен атқарған.
Кейін Кеңестер Одағы ыдыраған тұста, 1992 жылы 7 мамырда ҚР Қарулы Күштері құрылып, еліміздің тұңғыш Қорғаныс Министрі болып Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант (кейін армия генералы) Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалады.
Еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі өзіне жүктелген жауапты міндеттердің бәрін абыроймен атқарып, Қазақстан армиясының іргетасын қалап, негізін қалыптастырды. Сол ерен еңбегі үшін 1994 жылғы 23 мамырда С.Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы берілген болатын.
Дәріс барысында, Еуразия Ұлттық университеті әскери кафедрасының басшысы генерал-майор Еділ Оразов көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған тұлға туралы естелігімен бөлісіп, оның жарқын бейнесі жайлы әңгімелеп берді. Ол Сағадат батырдың өнегелі өмірі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала бермек деп сөзін аяқтады.

Әйкерім Жұмаділова,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?