jasqazaq.kz

Сәбиінің түрінен шошыған әке оны қоқыс жәшігіне лақтыра салды (видео)

23 қантар 2018, 15:13

Қытайдың Сюаньвэй қаласында ер адам жаңа туылған нәрестесінің түрінен шошып, оны қоқыс жәшігіне лақтыра салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам екі сағат бұрын ғана дүние есігін ашқан қызын қағаз пакетке орап, қоқыс жәшігіне лақтырып жатқан сәтінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Абырой болғанда, баланың жылағанын бейтаныс кейуана естіп қалып, оны құтқарады. Полицейлер қыздың әкесін құрықтады. Ол қызының денесі күлгін түсті болғаны үшін одан шошып, қоқыс жәшігіне лақтыра салғанын алға тартқан.

Әйелі нәрестені пәтерде дәрігерлердің көмегінсіз босанғасын, ер адам қызын дене түсіне бола тірі қалмайды деп ойлапты.

Ал дәрігерлер сәбидің денесінің түсі күннің суық болғанынан ғана өзгергенін және оның дін-аман дүниеге келгенін айтуда. Бүгінде нәресте балалар үйіне жатқызылған.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды