Сәбиін сатып, несиені төлегісі келген (Видео)

27 қараша 2023, 14:25

Елімізде «STOP-трафик» кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Polisia.kz хабарлағандай, операция кезінде 39 қылмыс анықталды:

— ағза саудасының 1 фактісі;
— еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі;
— адам саудасының 7 фактісі;
— жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі;
— притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады. Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов: «Шымкентте жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір дерегі тіркелді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды», — деді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу