jasqazaq.kz

Сағынтаев: Әзербайжан премьер-министрі қарыз қайтарылады деп сендірді

30 мамыр 2017, 13:00

Әзербайжан премьер-министрі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған БЖЗҚ қаржысын қайтаруға қолдай көрсетіледі деп сендірді, деп хабарлады Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестициялауға қатысты мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сондықтан Үкімет отырысында осы мәселеге тоқталуды жөн көрдік.»ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның меншік иесі Үкімет болып табылады», — деді Бақытжан Сағынтаев. Сондықтан, Үкімет басшысы атап өткендей, мемлекет қазақстандықтардың зейнетақысының сақталуына кепілдік береді. Осыған орай Үкімет азаматтардың зейнетқы активтерінің сақталуына тікелей мүдделі.

«Мен өз тарапымнан әзербайжандық әріптесім — премьер-министрмен сөйлестім. Ол мені банктің барлық кредиторларының қарызын қайтаруға жан-жақты қолдау көрсетіледі деп сендірді. Биылғы жылғы 23 мамырда Лондонда Ұлттық Банк, Үкімет өкілдерінің қатысуымен шетелдік кредиторлармен өткен кездесуде қарыздың қайтарудың нақты шарттары айтылды», — деді ол.

Айта кетейік, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланғаны мәлім болды. Белгілі болғандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Әзербайжан банкінің шығыны миллиард доллардан асып жығылған, банк төлемдер бойынша өз міндеттемесін орындай алмай, банкроттық туралы сотқа өтініш берген.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда