Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында оқыс оқиға орын алды. Ойын алаңындағы балалар пойызы кішкентай бүлдіршінді таптап кетті.
Видеодана ата-анасымен бірге келе жатқан бүлдіршіннің кенеттен балалар пойызына қарай жүгіріп, пойыздың оны таптап кеткенін көруге болады. Баланың жылаған дауысы мен куәгерлердің оған қарай жүгіргені көрінеді. Алайда баланың қаншалықты зардап шеккені туралы нақты ақпарат жоқ. Редакция болған жайтты анықтауда.