jasqazaq.kz

Сәтбаевта педафилді ұрған полицей 2 жылға сотталды

24 қыркүйек 2017, 15:10

Педофилді ұрған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық ішкі істер органының сержант шеніндегі полицейінің кінәсі «азаптауға» ауыстырылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өзін өзі ұстай алмай, бес жасар қызды зорлаған күдіктіні бірнеше рет ұрған. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, күдіктінің қолы, белі мен беті жарақаттанған. Алған жарақаттар бір аптадан үш аптаға дейін физикалық бұзуылуға әкеп соқтырған. Полицей алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды. Сәтбаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Сқақов конвойлық қызмет қызметкерін айыпты деп таныды, бірақ қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады. «Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды», — деді судья Жақсыбек Сқақов.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда