“Көнеміз ғой” деп әндеткен “Сәт” тобының әншісі Сапарбай Алтыбай шаңырақ көтерді. Әншінің таңдауы Малика есімді қызға түсті.
Мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған топ осыдан он шақты жыл бұрын алғаш сахнаға шыққан болатын. Сол шақта сахнаға көзілдірік киіп шыққан үш зағип жігіт талайлардың жүрегін елжіретіп, жылатқан да еді.
Ол балалар бүгінде есейді. Біраз уақытқа сахнадан алыстаған жігіттер білімдерін шыңдап, музыкалық колледжде оқыды. Сөйтіп, кәсіби маман болып сахнаға қайта оралды. Тек алғашқыда трио болып құрылған топ бүгінде дуэт болып өнер көрсетіп жүр.
Енді, міне, ештеңеге қарамастан “Сәттің” әншісі Сапарбай Алтыбай теңін тауып, бір үйдің отағасы атанды. Малика әншінің туған жеріне, ОҚО-ның Шардара қаласына келін болып түсті. Дәстүрге сай, Сапарбайдың үйінде беташар рәсімі болып өтті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.