jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев «Ninety one» әншісінің анасы жазған ашық хатқа жауап берді

28 тамыз 2017, 15:30

Танымал әнші Сәкен Майғазиев «Ninety one» әншісінің анасына хат жазып, «Жұлдыз TV» арнасына берген сұхбатында топ туралы ешқандай сөз болмағанын айтты. Алайда ол «Тоқсан бір туралы тоғыз пікірінің» өзгермегенін алға тартады. Бұл туралы Nur.kz хабарлады. 

Сәкеннің жауабын топтың кенжесі Данияр Құлымшинның (лақап аты Bala) анасы Әлия Кадирова желідегі парақшасына жариялады.

«Құлыншақтарыңыздың қуанышы құтты болсын! #ТоқсанБірТуралыТоғызПікір xэштегіндегі пікірім өзгерген жоқ. «Жұлдыз TV» монтаж кезінде сіздердің балапандарыңыздың видеосын қосып жібергені болмаса, «Ninety one» туралы әңгіме болған жоқ.

ТоқсанБірТуралыТоғызПікір пікірімнен кейін «91» туралы ешқандай сұxбат берген емеспін. Жігіттердің өнерін бағалаймын. Өз парақшама салып, ақталып, «сасытқым» жоқ. Түймедейді түйедей еткісі келіп аңдып отырғандар көп. Түсінгеніңізге раxмет. Алла жар болсын», — деп жазған Сәкен Майғазиев топ мүшесінің анасына.

Топ мүшесінің анасы үлкенді сыйлап жауап берген әншіге рахметін жеткізді.

Естеріңізде болса, қазақ эстрадасы қаймақтары Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевтың Ninety one мүшелерінің тәрбиесіне қатысты айтқан сөздеріне жігіттердің бірінің ата-анасы қынжылыстарын білдірген еді.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті