jasqazaq.kz

Құрылтайдың құрметіне

04 шiлде 2017, 15:42

Атамекен ауылында тұңғыш Дүниежүзі қазақтары құрылтайының өткізілгеніне 25 жыл толуына орай мерейлі мерекелік шара өткізілді. Дархан дала төсіндегі ұлттық сипаты мол шараларды бесінші құрылтайға қатысушылар және аудан тұрғындары тамашалады.

Салтанатты рәсімнің ашылуында аудан әкімі Қанат Қарауылов сөз сөйлеп, мерекеге жиналғандарды құттықтады. Ауданда тұратын көп балалы аналар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мерекенің шырайын келтірген аудан көркемөнерпаздарының күшімен дайындалған концерттік бағдарлама болды. Жиналған қауым қазақтың қанын қыздырар айтыс өнерін тамашалады.

Ұлттық рухтың ұлы дүбірі іспетті бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, қазақша күрес тәрізді жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Астанада өткізілген бесінші құрылтайға қатысқан меймандар этноауылды, қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, дүбірлі дала төсіндегі думанды көріп, ғасырлар қойнауынан жеткен ғаламат мұраның ғажап сәттеріне куәгер болды.

Ақмола облысы 

Бурабай ауданы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда