jasqazaq.kz

Руза Бейсенбайтегі психикалық денсаулық сақтау орталығынан шықты

26 қантар 2024, 14:51

Кеше Павлодарда «тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін жындыханаға қамағаны туралы ақпарат тарап, әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары тіл жанашырына бостандық сұрап, дүрліккен болатын.

Бүгін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Руза Бейсенбайтегінің жағдайына қатысты түсініктеме берді.
«24 қаңтар күні сағат 16:20 шамасында 103 нөміріне Павлодар қаласында әйел адам көшедегі азаматтарға агрессия танытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген медициналық бригада психикалық ауытқулары белгілерімен 66 жастағы әйел адамды облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына жеткізді», — делінген хабарламада.

Басқарманың баспасөз қызметі орталық дәрігерлері тарапынан Руза Бейсенбайтегіне екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалғанын атап өтті.

«Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды. Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады», — деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Журналист Оңғар Қабден Facebook парақшасында Руза апайдың аман-есен үйіне оралғанын жеткізді.

Ол: « Жындыханаға жатқызу тапсырыспен болған деп есептеймін дейді апай. Апайды жындыханаға есепке тіркеп тастаған!!!
«Үйімнің қасындағы Халық банктің бөлімшесіне кіріп бара жатыр едім, бір еркек артымнан «женщина, женщина постойте» деп айқайлады. Мен орысшаға жауап бермейтін әдетіммен жүре беріп едім артымнан келіп мені түртті. Бұрылып қарасам бір жас жігіт тұр екен. «Не подскажите Майры 29» деді.

«Қазақтың баласы емессің бе, неге қазақша сөйлемейсің деп едім, мемлекеттік тіл орыс тілі мен қазақ тілі. Менің орысша сұрағыма орысша жауап беру керексің» деп агрессиямен дөрекі жауап берді. Мен бұның подстава екенін түсіндім де телефонымды алып видеоға түсіре бастап едім полиция шақыртты. Полиция да жылдам келе қойды, артынан жедел жәрдем келді. Сөйтсем ол жедел жәрдем емес, психбольницаның қызметкерлері екен. Мені апарып аяқ қолымды байлап, жауып тастады. Қайта тікелей эфирге шығып үлгергенім жақсы болды. Сол арқылы кісілер мені іздеп дабыл қағыпты. Мен үшін алаңдаған барша жұртқа Алғысым шексіз!!! Аман болыңдар! Қазақ барда қазақ тілі өлмейді» деді Руза апай»,- деп жазды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?