Рухы биік хас батыр

11 қазан, 11:34

Астанада Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Еуразия Ұлттық университеті әскери кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухы биік хас батыр» атты ғылыми-көпшілік конеренция болып өтті.

Алқалы жиынды ЕҰУ әскери кафедрасының басшысы, генерал-майор Е.Оразов ашып, ол өз сөзінде былай деді:
Жалпы ерліктің үлкен-кішісі жоқ. Алайда Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігінің тарихи маңызы ерекше. Ол туралы біздің құрметті қонақтарымыз бүгін терең талдау жасап, егжей-тегжейлі айтады деген ойдамын.

Жеңіс туы мен Рақымжан Қошқарбаев әлдеқашан егіз ұғымға айналып кетті. Жауынгерлік ту дегеніміз ар-намыстың, биік рухтың символы. Жаугершілік заманда бабаларымыз «Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым! — деп бекер жырламаған.
Өз басым осындай іс-шаралардың тәрбиелік мәніне баса назар аударғым келеді. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда жастарды отансүйгіштікке шақыратын бағыт-бағдар ауадай қажет. Сондықтан тарихта өшпес із қалдырған кесек тұлғалардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үнемі үлгі етіп отырған жөн. Бүгінгі конференция барысында да студенттеріміз ғибратты әңгіме тыңдап, тағылымды ой түйеді деген үміттемін.

Содан соң Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ардагер-журналист Жанболат Ауыпбаев аңыз адаммен қалай кездесіп, қалай сұхбат алғаны туралы естелігін майын тамыза айтып берді. Рақымжан Қошқарбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын алып беру үшін күрестің ондаған жылдарға созылып, оған әр жылдары Жұмабек Тәшенов, Бауыржан Момышұлы, Кәкімжан Қазыбаев сияқты тарихи тұлғалардың белсене араласқанын баяндады. Кәкімжан ағаның көз жұмарынан сәл бұрын Р.Қошқарбаевқа қатысты құжаттарды һзіне аманаттап тапсырғанын да айтты. Рейхстагқа ту тіккен батырдың ерлігі еліміз тәуелсздік алғаннан кейін ғана лайықты бағасын алғаны белгілі.

Бұдан кейін ЕҰУ ардагерлер Кеңесінің төрайымы, философия ғылымдарының кандаидаты, профессор Күльзира Ысқақова, ҚР ҚК Ұлттық қорғанысы университетінің оқытушысы, философия докторы (PhD) полковник Ербол Сыпатаев, республикалық «Геральдикалық зерттеулер орталығының» бас маманы, тарих магистрі Сұлтан Оразаевтар батырдың өмірі мен ерлігі жайлы баяндама жасады.

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің қызметкері, полковник Өнербек Өміралин батырдың жеке ісінде сақталған құжаттармен таныстырды.
Конференция аясында ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің батыр туралы көшпелі көрмесі ұйымдастырылып, Жеңіс туының көшірмесі сахнаға қойылды.
Ат тұяғын тай басар демекші, батырдың немересі Дәурен Қошқарбаев өзі конференцияға тікелей қатыса алмаса да жас ұрпаққа арналған бейнеүндеуін онлайн-форматта жолдады.

Жастар атынан сөз алған ЕҰУ студенті, болашақ әскери журналист Ерасыл Бәйтереков:
«Ерлік — елге ұран, ұрпаққа ұран» дейді халқ даналығы. Олай болса біз осы Рақымжан сияқты батыр бабаларға қарап бой түзейміз, соларға ұқсауға тырысамыз. Болашақ әскери журналист ретінде құрбы-құрдастарымды осындай тарихи тұлғаларымыз туралы көбірек оқуға, зерттеуге шақырамын.

Еш тайсалмай сұм соғыс сұрапылдан
Ордасына дұшпанның кім атылған?
Ол менің отандасым Қошқарбаев
Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан!!!

Біз, Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері аталар аманатына адалмыз» — деп сөзін аяқтады.

Ұлжан Сейданова,
ЕҰУ Әскери кафедрасының студенті

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?