jasqazaq.kz

Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасқа10 млн теңге жұмсалады

13 наурыз 2024, 12:06

Павлодар қаласында өтетін Наурыз мерекесіне арналған іс-шарада Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. Жұлдыздарға төленетін гонорарға қала бюджетінен барлығы 10 млн теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева мәлімдеді.

«Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың гонорары өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды», — деді мерекелік бағдарламаның шығындары туралы сұраққа жауап берген Светлана Гладышева.

Наурыз мейрамын павлодарлықтар екі күн бойы атап өтеді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?