jasqazaq.kz

Роза Мұқанова: Ыржақтап, ырбақтап… не айтып, не қойып отырғанын білмейтін жүргізушілерге шектеу керек

07 қантар 2024, 19:35

Бүгінде қазақ тележурналистикасының өте өрескел олқы тұсы пайда болады. Ондағы сөз арасы бөтен сөзбен шексіз былғанып жатыр. Бұл саланы бұрынғы сынағандарымыз бекер екен. Бүгінгі өрескелдік бұрынғыны жүз орап алады.
Осы жағдай жазушылар мен журналистерді, тіл мамандары мен жанашырларын кәдімгідей-ақ ойландырып отыр. Осы орайда пікірін белгілі жазушы Роза Мұқанова Facebook-тегі парақшасында білдіріпті.
«Телеарналар кейінгі екі жылда екі тілді араластырып отырып, міз бақпай шұбарлап сөйлеуді дәстүрге айналдырып алды. Бұл не?.. Кеңестік заманда да эфирде шұбарлап сөйлеуге рұқсат етпейтін. Қазір телехабар жүргізушілер тілі жетпесе, орыс тілінде ойын жеткізіп отыра береді. Бұған жол беруге болмайды, бұл эфир мәдениетіне де үлкен сын», – дейді жазушы.
Қаламгер халықтың сауаттылығы мен мәдениеттілігін қалыптастыруы тиіс телеэфирді бұлай былғауға болмайтынын, бұл тұрғыда бір шара қолдану керектігін айтады.
«Жүргізуші қазақ тілінде сөз саптап әуелі үйренсін, тәжірибеден өтсін. Эфир ошақ басы емес, халықтың сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастырады. Осылай араластырып, әркім білгеніне салса, жалпы сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетінен де біржола айрыламыз. «Өзін-өзі сыйласа, жат жанынан түңілер». Біз өзімізді қадірлей алмай отырмыз. Бесігіңді түзеу — эфиріңді де түзе деген сөз! Бізге қылжақтап, ыржақтап, ырбақтап ана тілінде не айтып, не қойып отырғанын білмейтін жүргізушілерді шектеу керек!» – деп сөзін қорытады Роза Мұқанова.

JQ-Aqparat

Сурет: ғаламтор

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?