jasqazaq.kz

Роналдо Месси мен Роналдудың қайсысы мықты екенін айтты

29 мамыр 2017, 11:52

Бразилия құрамасының аңызға айналған футболшысы Роналдо мадридтік «Реалдың» форварды Криштиану Роналду мен «Барселонаның» аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиді салыстырды.

Роналдоның пікірінше, 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» жүлдесін португал ойыншысы алады. «Биыл мен жүлдені Роналдуға берер едім. Соңғы екі жылда ол шешуші ойыншы болды. Криштиану Чемпиондар лигасында «Реалдың» матчтарында өте маңызды ойыншы болды, ал алда әлі финал бар», — дейді бразилиялық.

Алайда ол Роналду мен Мессиді салыстыру қиын екенін және екеуінің де мықты тұстарып атап өтті. «Екеуі де — фантастикалық ойыншы. Мессидің допты игеру шеберлігі ұнайды — ол доп соға алады және қолынан келмейтіні жоқ. Алайда Роналдудың статистикасын да ұмытпауымыз керек. Екеуін салыстыру өте қиын. Екеуі де құрметке лайық», — деді Роналдо.

Айта кетейік, Роналду мен Месси 2008 жылдан бастап «Алтын доп» жүлдесін алып келеді. Португал әлемнің үздік футболшысы атағына 2008, 2013, 2014 және 2016 жылдары лайық болса, аргентиналық 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары лайық болған еді.

Vesti.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда