Қазақстандық RinGo тобының солисі Батыр Байназаров үйленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның жары — Ayumi тобындағы Асель Жамақаева.
Tengrinews.kz хабарлағандай, 15 сәуірде Ұзату той Семей қаласында өтті. Салтанатты шараның суреттерін Instagram желісінде әншінің достары мен әріптестері жариялады. Тойда продюсер Алуа Қонарова, Ayumi және RinGo тобының мүшелер, әнші Мақпал Исабекова, Әли Оқапов және басқалары болды.