jasqazaq.kz

Риддерде екі баланы шатыр басып қалды (видео)

01 сәуiр 2018, 12:41

Риддерде дауылдың салдарынан ұшып кеткен шатыр сегіз және тоғыз жастағы екі ұл баланы жарақаттады.

Куәгерлердің айтуынша, балалардың бірі өздігінен шыға алмаған, оны шатырдың астынан құтқарушылар алып шықты. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. «Жұма күні кешке соққан дауылдың қатты болғаны сонша, Төртінші аудандағы екі қабатты клубтың темір шатырын ағаш торламасымен қосып жұлып әкетті. Сол кезде жақын маңда екі оқушы өтіп бара жатқан. 220 шаршы метрлік темір балаларды басып қалды», — делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметінше, екі бала да жарақат алды. Олар травматология бөліміне жатқызылды. Қалалық әкімдіктің мағлұматтарына сәйкес, балалардың миы шайқалған, жараланған және сіңірлері созылған. Ұлдардың бірінің саны жабығынан қиғаш сынып, орнынан қозғалып кеткен. «Әкімдіктің мәліметінше, шатырын жұлып әкеткен ғимарат «Қазақтелеком» АҚ балансында тұр. Бұрын ол жерде АТС — автоматты телефон станциясы болған. Қазіргі таңда екі қабатты ғимаратта клуб пен полиция бекеті бар», — делінген жарияланымда.

Сол күні кешке дауылдың салдарынан тағы бір шатыр ұшты. Қатты жел Горький атындағы мектеп шатырының 40 шаршы метрін жұлып әкетті, бұдан ешкім зардап шеккен жоқ.

tengrinews.kz

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр